" Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ярославка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
" Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ярославка ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім алушылардың тамақтануын және ауызсу режимін ұйымдастыру

38. Жалпы білім беретін ұйымдардағы білім алушылардың («брутто» массасындағы) тамақтану нормалары «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен және «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларымен»реттеледі.

39. ҚР жалпы білім беретін ұйымдары білім алушыларының тамақтануын реттейтін, оқушылардың тамақтану рационы бойынша стандарттар 2017 жылғы «Оқушылардың тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар» әдістемелік ұсынымдарымен ұсынылған.

            40. Медицина қызметкері бракеражды комиссия құрамына кіреді. Тағам мәзірін және тамақтану режимін белгілеу диетолог мейіргердің құзіретіне кіреді.

41. Тамақ ішу арасындағы уақыт 3,5 – 4 сағаттан аспауы тиіс.

42. Жалпы білім беретін ұйымда перспективті маусымдық (жаз – күз, қыс – көктем) екі апталық ас мәзірі құрылады. Ас мәзірін құру кезінде білім алушылардың мектепте болу ұзақтығын, олардың жас ерекшелік санатын ескереді,  витаминді-минералды кешенмен байытылған тағам өнімдерінкөздейді.

            43. Жалпы білім беретін ұйымдарда бірінші ауысымда оқитындар үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңертеңгілік ас немесе екінші таңертеңгілік ас және түскі ас көзделеді, екінші ауысымда оқитындар үшін – бесін ас, ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңертеңгілік ас, түскі ас және бесін ас көзделеді. Балалардың тәулік бойы болуы кезінде бес рет тамақтану көзделеді.

44. Жас ерекшелігіне байланысты тағамдар порцияларының граммен алғандағы ұсынылатын массасы осы Нұсқаулыққа 6-қосымшада көрсетілген[9].

45. Тағам өнімдерін осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес ауыстыруға рұқсат етіледі.

            46. Ас мәзірінде бір тағам түрін немесе аспаздық бұйымды бір күнде және одан кейінгі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға болмайды.

47. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және су май, қарабидай нанын және (немесе) бидай нанын, көкөністерді және қантты қосады. Балықты, жұмыртқаны, ірімшікті, сүзбені және құс етін екі – жеті күнтізбелік күнде бір рет қосады.

48. Таңертеңгілік ас тағамнан (бірінші немесе екінші тағамнан) және сусыннан (компоттан, кисельден, шәйдан және шырыннан) тұрады. Жұмыртқаны, шырындарды, жемісті, сары май жағылған немесе ірімшік қосылған бутербродтарды таңертеңгілік асқа қосуға немесе бөлек жеуге рұқсат етіледі.

            Түскі асқа салат, бірінші, екінші тағам (еттен, балықтан немесе гарнир қосылған құс етінен дайындалған негізгі тағам) және үшінші тағам (компот, кисель, шәй және шырын) кіреді. Қайнатылған немесе бұзылмаған көкөністен жеңіл салаттар дайындайды.  

       Бесін асқа тоқаштармен немесе кремсіз кондитерлік бұйымдармен бірге сусын (сүт, сүт қышқылды өнімдер, кисельдер, шырындар) қосады.

       Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе гарнир қосылған құс еті), сусыннан (шәйдан, шырыннан, кисельден) тұрады.

      Қосымша екінші кешкі ас ретінде жемісті немесе сүт қышқылды өнімдерді және кремсіз тоқаш өнімдерін қосады.

49. Күн сайын тамақтану залында жалпы білім беретін ұйымның басшысы бекіткен ас мәзірі ілінеді, онда тағамдардың атауын, әр дайын тағамның мөлшерін көрсетеді. Ас мәзірінде көрсетілген тағамдардың және аспаздық бұйымдардың атауы олардың қолданылған рецептура жинақтарындағы атауларына сәйкес келуі тиіс.

            50. Тағам өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдауды олардың сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттар болған кезде, деректерді тез бұзылатын тағам өнімдері және жартылай фабрикаттар бракеражды журналына осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкесенгізу арқылы жүзеге асырады[9].  

       Тағам өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоғамдық тамақтану ұйымында сақталады.  

51. Білім алушылардың тамақтануы үшін ауылшаруашылық ұйымдарда, білім беру ұйымдарының оқу-тәжірибелік учаскелерінде және бақшаларында, жылыжайларында өсірілген өсімдіктен жасалған тағам өнімдері шикізатын оның сапасын және қауіпсіздігін растайтын зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижелері болған кезде пайдалануға болады.

52. Білім алушылардың тағам әзірлейтін блоктың өндірістік үй-жайларына кіруіне, оларды тамақ дайындаумен, көкөністерді тазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды тазалаумен байланысты жұмыстарға тартуға рұқсат етілмейді.

            53. Сусындарды тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) ғана құяды, тарату алдында оларды ортақ ыдысқа құюға рұқсат етілмейді.

54. С-витаминдеу балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда С-витаминмен  мектеп жасындағы балаларға арналған тәуліктік нормасы – 70 мг есебімен, деректерді «С-витаминдеу» журналына осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес енгізу арқылы жүргізеді.

55. Тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және сақтау жағдайлары  шығарушы (өндіруші) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келуі тиіс.

56. Тез бұзылатын азық-түлікті сақтау төмен температуралы мұздатқыш жабдықта және (немесе) мұздатқыш камераларда және (немесе) тоңазытқыштарда іске асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер қойылады. Сынапты термометрлерді қолдануға болмайды.

57. ЖОО-дан басқа білім беру объектілерінде тағам өнімдерін сататын автоматтарды орнатруға рұқсат етілмейді.

58. Отекті коктейльдерді жаппай сауықтыру процедурасы ретінде сатуға болмайды.

59. Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдар сапасын тағамдар және аспаздық бұйымдар сапасын органолептикалық бағалау журналына осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес жазбалар енгізу арқылы органолептикалық бағалауды жүргізеді. 

      Тағамдар сапасын бағалауды бракераждық комиссия мерзіммен жүргізеді, оның құрамын міндетті түрде медицина қызметкерін, әкімшілікті, өндіріс меңгерушісін және ата-ана комитетінің өкілін қосу арқылы жалпы білім беретін ұйымның басшысы белгілейді.

60. Аспазшы тағам әзірлейтін блокта іс жүзіндегі ас мәзіріне сәйкес дайын өнімдердің тәуліктік сынамаларын күн сайын қалдырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнату арқылы өңделген) әйнек ыдысқа салады (гарнирді бөлек ыдысқа салады) және тоңазытқыштың арнайы бөлінген орынында +20С-тан бастап +60С-қа дейінгі температурада сақтайды. Тәуліктік сынамаларды келесі күні немесе демалыс күндерден кейін (демалыс күндерінің санына қарамастан) дайындалған тағаммен – тиісінше таңертеңгілік аспен, түскі аспен, бесін аспен және кешкі аспен ауыстыруға дейін жиырма төрт сағаттан асырмай сақтайды.

            61. Әкелінген азық-түлік сапасын, оларды сақтау жағдайларын, жарамдылық мерзімдерінің сақталуын; тағам дайындау технологиясын және дайын тағам сапасын; тағам әзірлейтін блокта санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуын және ыдыс-аяқ өңделуін күн сайын бақылау іске асырылады.

62. Ауысым басталардың алдында медицина қызметкері барлық жұмыскерлер денелерінің ашық жерлерінде іріңді аурулардың болуын күн сайын тексереді.

Терінің іріңді аурулары бар, кесіп алған жерлері іріңдеген, терісі күйген, жараланған, сондай-ақ жоғары тыныс жолдарының катары бар адамдар жұмысқа жіберілмейді. Тексеру нәтижелері осы Нұсқаулыққа 11-қосымшада белгіленген тағам әзірлейтін блок жұмыскерлерін тексеру нәтижелері журналына жазылады [9].  

63. Жалпы білім беретін ұйымда тағам өнімдерін осы Нұсқаулыққа 12-қосымшаға сәйкес белгіленген, тыйым салынған тағам өнімдері және тағамдар тізбесі бойынша дайындауға және сатуға жол берілмейді.

64. Әр тағам әзірлейтін блокта алғашқы көмек көрсетуге арналған медикаменттер жинағы бар дәрі қобдишасы болуы тиіс.

65. Жалпы білім беру ұйымдары нормалау құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпсіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

66. Медицина қызметкері су ішу режиміне бақылау жүргізеді.Ауыз суы, сонымен қатар, ыдысқа (графинге, шәйнекке, банкіге және басқаларға)құйылған және бөтелкедегі су сапасы және қауіпсіздігі бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Суға арналған кулерлер (диспенсерлер) шығарушының нұсқаулығына сәйкес тазартылады. Ішу үшін таза (шыны, фаянс, бір рет қолданылатын стақандар) ыдыс қолдану керек.

Жеке бөтелкедегі суды пайдалуға рұқсат етіледі. 3 сағаттан асырмай сақталған жағдайда қайнатылған ауыз суды пайдалануға болады.

67. Су ішу режимін ұйымдастыруға объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Объектілерде болу кезінде білім алушылардың ауыз суға еркін жетуі қамтамасыз етіледі.

68. Сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесі болмаған кезде ішкі су құбырыларын жүргізу және су тарту арқылы алынған жергілікті су көздерінің суын пайдалануға болады.

69. Арнайы автокөлікпен, ауыз суға қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалған,таңбаланған, уақытылы тазаланатын, жуылатын және дезинфекцияланатын арнайы ыдыстарда әкелінетін ауыз суды шаруашылық – ауыз су мақсатында қолдануға болады.

70. Тасымалды суды пайдаланатын жалпы білім беретін ұйымдарда ауыз су қорын сақтауға арналған ыдыстарды қоятын жеке бөлме көзделеді. Ыдыстарға («ауыз су») таңбасының жазылуы, олардың жуғыш және дезинфекциялаушы заттарды қолдану арқылы апта сайын (қажеттілігіне қарай) тазалануы және дезинфекциялануы тиіс.Ауыз суға арналған ыдысты басқа мақсатта қолдануға рұқсат етілмейді.

71. Ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесі болмаған кезде су жылытқыштары орнатылады. Ыстық және суық су тұратын жерлердегі барлық ванналарға, душ бөлмелеріне, кір жуатын орындарға, қол жуғыштарға,

медициналық арнайы бөлмелерге, араластырғыштарға, сондай-ақ ас әзірлейтін блоктағы технологиялық жабдыққа беріледі.

 

Жаңартылған күні: 28.02.2020 13:32
Құрылған күні: 28.02.2020 13:32

Текст