"Есіл ауданының білім беру бөлімінің Ярослав орта мектебі"мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Ярославская средняя школа отдела образования Есильского района"

Мы в соц.сетях

    

Список организаций

Новости

Галерея

Смотреть все>>>

Орыс мектебінде қазақ тілін жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері

27.02.2017

Орыс мектебінде қазақ тілін жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері

 

Султанова Алма Ермекбайқызы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Ярослав негізгі мектебі Ақмола облысы    Есіл ауданы

 

Бүгінгі таңда Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі

жасалып,

қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру

кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп,түрлі әдіс-тәсілдерді инновациалық

үдерістермен алмастыру арқылы білім сапасын арттыру көзделген.Осыған орай әрбір

мұғалім озық технологияларды пайдалана отырып, өзіне тиімдісін таңдауы тиіс.

Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық

технологияларын практикада меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін

емес.

Ұлт мектебінде қазақ тілін сапалы оқыту

ізденістері-келелі мәселелердің бірі.

Оқу орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқытудың

өзіндік ерекшеліктері бар.Пәннің негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қазақ

тілінде сөйлеп,жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпы,

тарихын танып білуге талпындырып, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушының жеке басының жауапкершілігін

арттыру,ізденімпаздығын жетілдіру, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,

сезімін ояту қасиеттері қалыптасады.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалай арттыруға

болады?

1.Сабақтың басталуын тиімді ұйымдастыру.

2.Оқушыларды сабаққа қатыстыра алатындай сұрақтар қою.

3.Жаңа сабақты түсіндіру барысында жаңа сабақты өткен

сабақтан алған білімдерімен байланыстыру.

Оқушыларға қазақ тілін толық меңгерту үшін өз бетімен

жұмыс істеу дағдыларын жүйелі түрде қалыптастыру керек. Өз бетімен жұмысты

жүйелі түрде ұйымдастыру арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу,білім, білік

дағдыларын қалыптастыру және оқу еңбегіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

болып табылады.

Қазіргі таңда біздің алдымызға қойылған басты

міндет-шығармашыл  құзыретті тұлғаны

қалыптастыру.Алайда тіл байлығы төмен, ойлау қабілеті дамымаған оқушылардан

шығармашыл тұлғаны қалай қалыптастырамыз.Осы мақсатта біз,ең бастысы,әрбір

сабағымызды шығармашылық негізде құрып,тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра

білуіміз керек.Сонда ғана оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты

түсіне білуіне,үйренуіне білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне

жағдай жасай аламыз.

Оқушылардың әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

барысында дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету,дұрыс сөйлеу

дағдыларын,сөйлеу тілінде жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, көркем

шығармалардың өз түсінігі бойынша мазмұнын айтқызу секілді жұмыстардың маңызы

зор.

Демек, оқушының білімін,біліктілігін, дағдысын меңгерту,

көзқарасы мен танымдық мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатынды мұғалімнің сабақ

барысында қолданатын құралдарын әдіс-тәсілдер дейміз.Әдіс-тәсілдер мұғалімнің

сабақ үстіндегі іс-әрекетінің құралы болып, оқушының оқу әрекетін

белгілейді.Әдіс-тәсілдің таңдалуы оқылатын материалға байланысты болуы керек.

1.Сөздік әдістер( әңгімелеу, әңгіме, баяндау, кітаппен

жұмыс)

2.Көрнекілік әдістер(демонстрация,бейне әдістер, бақылау

әдістер)

3.Практикалық немесе машықтық әдістер(лабораториялық,

практикалық,графикалық жұмыстар,өзіндік оқу жұмыстары, жаттығулар,іскерлік,танымдық

ойындар, ситуациялық, дискуссиялық әдіс)

Қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыру үшін,ең

алдымке, бұл пәннің ерекшеліктерін анықтап алу керек.Қазақ тілін басқа ұлттарға

оқыту үрдісінде бөлінбейтін екі мақсат бар: тілдік біліктілікті дамыту және

тілдік материалды меңгерту.Бұлардың екеуі де практиканы, жаттығуды талап

етеді.Сондықтан қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыру үшін қолданылатын

негізгі әдістердің бірі-практикалық немесе машықтық тәсілдер болып келеді,

соның ішінде негізгісі- жаттығу тәсілі.Жаттығулар тілдік біліктікті дамыту

үшін,тілдік материалды меңгеру үшін, бастапқы біліктіктерді меңгеріп, оларды

дағдыға айналдыру үшін қызмет етеді. «Педагогика» оқулығында жаттығуға мынандай

анықтама беріледі: «Жаттығу-ол оқыту тәсілі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше

рет қайталанатын іс-әрекет, білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын

көтеру мақсатында орындалады». Оқушыны сөйлеуге жаттықтыру жұмысы тілдік

материалдан тұратын жаттығулар арқылы жүргізіледі.Жаттығулардың түрі де,

мақсаттары да әр түрлі.Оларды грамматикалық,лексикалық және фонетикалық

жаттығуларға бөлуге болады. Жаттығу жұмыстары белсенді, жүйелі түрде және

белгілі мақсатпен орындалуы керек.Тіл дамытуға арналған жаттығуларды

құрастырған кезде, келесі жүйені пайдаланған жөн:тыңдау-қайталау-сөйлеу.

Практика нәтижелі болу үшін, оқушыға не істеу керек

екенін, қалай орындау керек және материалды қалай пайдалану керек екенін

көрсету керек. Сондықтан осыдан туындайтын тағы бір тәсіл, ол-көрсету тәсілі.

Бұл тәсіл коммуникативті бөлшектердің,

сөздердің,грамматикалық формалардың мағыналарын анықтайды.Оқушының тілі жаттығу

үшін мұғалім тілдік үлгілерді көбірек беруі керек.Мысалы,ілік септік формасын

өткенде,оны тәуелдік жалғаумен байланысып тұрған грамматикалық формада беріп,жаттықтырған

дұрыс.Мысалы,ағаш-тың жапырағ-ы, гүлдің иіс-і,оқушы-ның дәптер-і.Сонымен

қатар,белгілі бір мағыналы форманы беріп,оған бір грамматикалық тұрғыдағы

сөздерді қатыстыру.Мысалы: Оқушының дәптері таза.Оқушының дәптері жаңа.Оқушының

дәптері кір.

Жаттығу жұмыстарының ішіндегі ең тиімді де,оқушы үшін

қызықтысы да, ол- суретпен жұмыс.Суретпен төменде берілген түрлі жаттығу

жұмыстарын жүргізуге болады.

-Әңгіме құрастыр;

-Берілген тірек сөздермен сөйлем құрастыр.

-Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер;

-Суретке қарап сұрақтар құрастыр;

-Суретке ат қой;

-Суретті әңгімеле;

-Суреттегі сөздерді жатқа жаз;

Мұндай жұмыстарды орындағанда оқушылардың есте сақтау

қабілеті арта түседі, тілі жаттығады.Оқушылардың қазақ тілін меңгеруде

қызығушылығын арттыру үшін және ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту үшін ойын, ойын

жаттығуларды пайдаланған өте тиімді.

Түсіндіру тәсілі- жаңа грамматикалық тақырыпты не болмаса

грамматикалық форманы меңгерту үшін қолданылатын тәсіл.Түсіндіру әдісі

мұғалімнің сөзі, баяндау арқылы орындалады. Мұғалім дайын материалды баяндап

қана қоймай, оны оқушы санасына жеткізуге, оқушының оны жақсы түсінуіне көңіл

бөледі.Түсіндіру тәсілі әдіс ретінде жаттығу және көрсету тәсілдерін толықтырып

отырады.Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуда есту және көру тәсілдері де

жиі қолданылады.

Қазақ тілі сабақтары тиімді өту үшін диалог,ситуативті

жағдайлар әр сабақта қолдануы керек.Қазіргі кезде оқу үрдісінде жаңа

технологиялар кеңінен пайдалануда.Сабақ түріне байланысты технология

элементтерін оқу үрдісінде мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім

сапасын едәуір арттыруға болады.Мысалы,модульдік оқыту технологиясы оқытуды

ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды пайдалануды талап

етеді.Орынды пайдаланған оқыта-үйрету мен топтық, жұптық жұмыстар қазақ тілі

сабағында оқушылардың сөйлеуіне зор мүмкіндік туғызады.Мысалы, «Бір-біріне

диктант жүргізу» ойыны бірнеше мақсатқа жеткізеді.Біріншіден, оқушының сабаққа

деген қызығушылығын арттырады, екіншіден,оқушының ауызекі сөйлеу тілін

жаттықтырады, үшіншіден, сауаттылығын арттырады.Бұл ойынның шарты:Балалар 4

адамнан топтарға бөлінеді.Әрқайсысына мәтіні бар нөмірленген(1,2,3,4) кәртішке

беріледі. Оқушылар жұп-жұбымен отырады. (1 мен2,3 пен4). Әр жұп өз мәтіндерін

оқып, серігімен алмасады.Ойын барысында үш жұп құрамы алмасады.Сонда сабақ

барысында әр оқушы сөйлейді, жазады, тыңдайды және серігін тексерген кезде өзі

тағы бір рет мәтінді қайталайды.Осындай оқыта-үйрету ойындарының көптеген түрі

М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде»

атты кітабында берілген.

Инновациялық технологиялардың құрамындағы жиі қолданылып

жүрген тәсілдердің бірі, ол-сараланған тапсырмалар.Оқушы тапсырманы өзінің

мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.Бұл оқушының өз-өзіне деген сенімдігін арттырады,білімін

шын мәнінде жақсартуға ықпал етеді.

Оқушылардың білімін, білігін, дағдысын бағалауда

қолданылатын тексеру жұмыстары да әр түрлі.Соның ішінде белсенді тәсіл түріне

жататын өз-өзін немесе бір-бірін тексеру тәсілі.Белсенді тәсіл түрлері оқушылардың

сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады, білім сапасының көтерілуіне ықпал

етеді.

Әдіс-тәсілдердің түрі көп,бірақ оларды орынды қолдану

ғана көздеген мақсатқа жеткізіп, білім сапасын арттырады.

Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытып үйрету талабы

тіл мамандарының алдына үлкен жауапкершілік артып отыр.Сондықтан да, қазақ тілі

сабағында оқушылардың білім сапасын арттыру мұғалімнен

шеберлікті,ізденушілікті, әр түрлі әдіс-тәсілдерді оқушының білім деңгейіне

қарай тиімді қолдануды қажет етеді.

 

 

                             Пайдаланылған  әдебиеттер:

Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика.2004

А.А. Миролюбова. Общая методика обучения иностранным

языкам в средней школе.1967.

М.М.Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы(оқушыны

дамыту құралы ретінде). 2002

 

 

Просмотров: 291

Приложения:


Текст